қазақша · русский · english
 
 
 
10.06.2019

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауы

 

2019 жылдың 5-7 маусым аралығында «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық білім беру-сауықтыру орталығында 2-8 сынып оқушылары арасында «Балдәурен білгірі - 2019» Республикалық ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобалар конкурсы өтті. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Әлия Оңғарбаева қазылар алқасының мүшесі болды.


Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Әрбір оқушы сертификатты иеленді. І дәрежелі дипломмен марапатталған оқушыларға «Балдәурен - Қапшағай» оқу орталығына тегін жолдама берілді.

 

   

 




Кері оралу