қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2019

Талғар ауданының мұғалімдеріне арналған көшпелі әдістемелік семинар

 

2019 жылдың 5 сәуірінде орыс тілі және әдебиеті кафедрасы «Орта білім беру мазмұнының жаңаруына орай орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы өзекті мәселелер» деп аталатын көшпелі әдістемелік семинар өткізді, семинардың модераторлары - аға оқытушы Раушан Тохтамова мен оқу-әдістеме ісі жөніндегі директордың орынбасары Эльмира Мусаева. Семинарға кафедраның он екі мүшесі қатысты.


Талғар қаласының № 1 мектебінде өткен семинар Талғар ауданы мектептерінің 50 шақты мұғалімдерінің басын қосты, семинарға қатысушылардың барлығы орта мектептерде білім беру мазмұнының жаңаруы мәнмәтінінде жасалған профессор Гульмира Кажигалиеваның «9 сыныпқа арналған Орыс тілі» оқулығының концепциясы» және №165 арнаулы лицейдің мұғалімі, ф.ғ.к. Марина Асылбекованың «Білім беру мазмұнының жаңаруы жағдайында әдебиет сабағын оқытудың белсенді әдістері» деп аталатын баяндамаларын қызығушылықпен тыңдады.


Сонымен қатар, семинар барысында Талғар ауданының жалпы білім беретін орта мектептерінің мұғалімдері №23 Шолпан Сандыбаева, № 17 Ольга Циммерман, № 18 Ардақ Қасенова, №1 Гульфайруз Монтаева, № 32 Мария Асылова, №1 Жібек Бекеновалар 6 ашық сабақ өткізді. Кафедраның оқытушылары семинарға қатысушы - мұғалімдермен бірге сабақтарға қатысты. Семинардың жалғасы ретінде өткен Дөңгелек үстелде ашық сабақ өткізген жоғары тәжірибелі орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімдері мен олардың дарынды оқушыларына жылы лебіздер мен алғыстар айтылды.


Семинардың жалғасы ретінде кафедра оқытушылары кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді, мектеп бітіруші түлектерге университеттің буклеттерін таратып, университет туралы ақпараттар берді.


Семинардың соңында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Сәуле Абишева № 1 орта мектептің директоры Замзагул Мушрапилова мен мектеп ұжымына осы маңызды шараны ұйымдастырғаны үшін зор алғысын білдірді.


Кафедра мен мектеп басшылары бұдан әрі де ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу