қазақша · русский · english
 
 
 
11.02.2019

Педагогикалық практикаға кәсіби бағдар беру жұмыстары

 

2019 жылдың 8 ақпанында № 12 арнайы мектеп-гимназия базасында өткізілген «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы шеңберінде, сондай-ақ университеттің бас әдіскері, профессор Гүлмира Қажығалиева 9-10 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.


Баяндамашылар орта мектепт оқушыларын - Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетімен, оның құрылымы, институттары, университеттің мамандықтары, жоғары оқу орнындағы студенттердің ғылыми-зерттеу, мәдени-сауық іс-шараларының ерекшеліктерімен таныстырды. Орта мектеп оқушылары Абай атындағы ҚазҰПУ-ға түсу тақырыбы бойынша сұрақтар қойды. 9-10 сынып оқушыларының көпшілігі әңгіме тақырыбына үлкен қызығушылық танытты, Педагогикалық университетіне болашақта түсуге ниет білдірді. 

 

   

 

  




Кері оралу