қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2018

Жол картасы аясында Қазақстан мектептеріндегі білім берудің жаңартылған мазмұнын қалыптастыру

 

2018 жылдың 29 қазанынан 21 қарашасына дейін жол картасына сәйкес 2018-2021 жылдарға арналған орта білім берудің жаңартылған мазмұнын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы одан әрі іске асыру үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде әдістемелік семинарлар ұйымдастырды.


Семинарларға республиканың педагогикалық қоғамдастығының үздік өкілдері, пән мұғалімдері, әдіскерлер, Қазақстанның баспалар өкілдері, ғалым-педагогтар, 4, 9, 10 сынып сынама оқулықтарының авторлары қатысты. Семинарлардың мақсаты - мектеп білімінің жаңартылған мазмұны негізінде әзірленген жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды талқылау.


Педагогика ғылымдарының докторы, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Гүлмира Қажығалиева елдің батыс өңірлерінде: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстауда семинар өткізуге тағайындалды. Бұл ғылыми-әдістемелік кездесулер міндетті түрде мектептегі білім сапасын көтеру мақсатында оң рөл атқарады.

 

   

 

   




Кері оралу