қазақша · русский · english
 
 
 
15.10.2018

Шетелдік қонақтардың мерейтойлық сапарының қорытындысы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ 90-жылдығына арналған мерейтойлық мерекеcіне орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы бірнеше елдің ғалымдарын шақырды. Біздің қонақтарымыздың арасында Слупск қаласындағы (Польша) Померан академиясының ректоры, профессор Збигнев Осадовский; Модена университетінің (Италия) делегациясын проректор, профессор Серджио Ферари басқарады; Филология ғылымдарының докторы, Ольштындағы (Польша) Варми-Мазури университетінің профессоры Александр Киклевич; Филология ғылымдарының докторы, Ресей Халықтар Достығы университетінің профессоры (Мәскеу қ.) Улданай Бахтикерева; Экономика жоғарғы мектебінің доценті, халықаралық қызмет жөніндегі деканның орынбасары, (Мәскеу қаласы) Андрей Исеров болды.

 

Шетел ғалымдары Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының форумына қатысты. Олардың барлығы университет мерейтойына және Республика Сарайында өткен салтанатты жиынға қатысты.

 

Біздің арнайы шақыруымыз бойынша Астанадан Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Селим Хазбиевич келіп, 2018 жылы 4 қазанында «Польшаның тәуелсіздікке ұмтылуы» тақырыбында дәріс оқыды.


Абай атындағы ҚазҰПУ мен Италияның Модена университетінің арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 

Қонақтар үшін қызықты мәдени бағдарлама дайындалды. Шетел ғалымдарының айтуынша, Алматыда өткен іс-сапары жемісті болды.

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу