қазақша · русский · english
 
 
 
30.05.2018

Филологтардың халықаралық конференциясы аяқталды

 

Филология және көптілді білім беру институтында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен, 2018 жылдың 24-26 мамыры күндері, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 90 жылдығына арналған «Поэтика және өлеңтану мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл біздің университетте 2003 жылдан бері сегізінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі конференция. Үш жылда бір рет шет елдерден қонақтар - ғалым-филологтар келеді. Осы жылғы қатысушылар географиясы ерекше кең. Конференцияға қатысушылар санының басымдылығы бойынша екінші мемлекет - Польша (6 қатысушы). Италия, Жапония, Түркия және Мысыр елдерінен екі баяндамадан келсе, АҚШ, ҚХР, Швейцария, Эстония, Финляндия және Германиядан бір баяндамадан келді.

 

24 мамыр 2018ж. Бірінші пленарлық мәжілісті Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры профессор Такир Балықбаев конференция қатысушыларына арнаған құттықтау сөзімен ашты. Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы Ирина Переверзева жиналғандарды конференцияның басталуымен он-лайн режимде құттықтады. Сонымен қатар «Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі Филологиялық ғылымдар: дәстүр мен заманауилық» тақырыптық бөлімінің қатысушыларына: профессор Данута Герчиньскаяға, академик Уәлихан Қалижанға, профессор Қарлығаш Қабдоловаға, профессор Лариса Эглит, Балтабай Әбдіғазиұлына сөз берілді. Екінші пленарлық мәжілісте танымал әдебиеттанушылар Лилия Чернец, Марина Костюхина, Екатерина Власова, Евгений Казарцев, Галина Мучник, Нағима Сагандыкова, Алия Кулумбетова сөз сөйледі.

 

25 мамыр 2018 ж.Конференцияның екінші күні төрт тақырыптық бөлім қатысушыларының ғылыми тілдесуіне толы болды. Әр бөлімнің жұмыс барысында жетіден он сегізге дейін ғалымдар өз баяндамаларымен таныстырды. Қатысушы филологтардың әріптестерінің баяндамаларымен қызығушылығын олардың көптеген сұрақтары мен белгілі мәселелерді қызу талқылауы дәлелдейді.

 

26 мамыр 2018 ж. Конференцияның үшінші күні қорытынды пленарлық мәжілісітен басталды. Мәжіліске Абай атындағы ҚахҰПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева қатысты. Университет басшылығының атынан проректор барлық қазақстандық және шетелдік конференция қатысушыларын 2018 жылдың қазан айында өтетін біздің университеттің 90 жылдық мерейтойына шақырды. Осындай кездесулердің құндылығы туралы толғану барысында Санкт-Петербургтен келген қонағымыз Мария Костюхина қызықты ой салды. Ол дәйекті түрде Ресейде (Санкт-Петербург), Польшада (Слупск) және Қазақстанда (Алматы) ғылыми жоба негізінде халықаралық студенттік конференция ұйымдастыруды ұсынды. Жастар арасындағы ғылыми қарым-қатынастар жас ғалымдардың тек зерттеу жұмыстарын жетілдіруіне және апробациясына ғана емес, сонымен қатар олардың өзге елдердегі бастаушы филологтармен достық және ғылыми байланыс орнатуына көмектеседі.

 

Ғылыми форумның қатысушылары өзімен бірге тек конференция материалдарының жуан томы мен сертификатын ғана емес, ғылыми шығармашылықта болмауы мүмкін емес пікірталас пен талқылау және әріптестермен кездесуінен қалған жылы естеліктерін алып кетеді.

 

         

 

         

 

         

 

         

 

         

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы




Кері оралу