қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2018

90 жылдыққа - 90 кітап!

 

2018 жылдың 27 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институтының 1993 жылғы аспирантурасының түлегі, «13.00.02 -оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, жоғары және орта білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты Күзембаева Алмагүл Төкенқызы « 90 жылдыққа - 90 кітап» деген атпен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдық мерейтойына арнап университеттің кітап қорына 90 кітап тарту етті. Сыйға тартылған кітаптардың ішінде тіл білімінің белгілі ғалымдары Төлеубай Қордабаев, Нұржамал Оралбаева,Әбжаппар Аблақов, Сейілбек Исаев, Әлімхан Жүнісбеков, Балғаным Құлмағамбетовалардың морфология, синтаксис, пунктуация,фразеология, лекскология салалары мен қазақ және орыс тілдерін оқыту әдістемесі туралы бүгінгі күні сирек кездесетін еңбектері, сонымен қатар бірнеше авторефераттар, түрлі бағдарламалар бар. Кітапхана қызметкерлері кітап қорына қосылған сыйға білім алушылардың атынан ризашылықтарын білдірді.

 

         

 

         




Кері оралу