қазақша · русский · english
 
 
 
25.09.2025

3-курс студенттері педагогикалық практикадан өтеді


Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебті» мамандықтарының 3 курс студенттері Алматы қаласының мектептерінде педагогикалық практикадан өтіп жатыр.


Болашақ мұғалімдерге білім беру мекемелеріне педагогикалық практикадан өту үшін тапсырмалары жүктеліп, жіберіледі, сыныптарға тағайындалады және тәлімгер мұғалімдердің басшылығымен жұмыс істейді. Практикадан өтудің алғашқы күндерінен бастап студенттер жаңа рөлге бейімделіп, сабақтарды, соның ішінде ашық сабақтарды белсенді өткізеді. Практиканттар өз тәлімгерлерімен ынтымақтастықта жұмыстарын жүргізеді, сабақтарда шығармашылық идеяларды енгізеді және бастама көтереді.

 

Оқушылармен өзара әрекеттесуге ерекше назар аударылады: болашақ мұғалімдер бірлесіп сабақтар мен шаралар өткізу барысында оқушыларды жақынырақ таниды, әрқайсысының тілін табады және алғашқы маңызды кәсіби дағдыларды алады.

 

Педагогикалық практика бір айға жоспарланған. Бірінші апта таныстыру сипатында болды, содан кейін студенттер белсенді жұмысқа көшті. Кафедра оқытушылары, әдіскерлер, тәлімгер-мұғалімдер мен студенттер бірыңғай команда ретінде әрекет етеді, бұл практикадан сәтті өтуді қамтамасыз етеді және студенттердің кәсіби қызметінде оң тәжірибе жинақтауға қалыптастырады.

 

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

 




Кері оралу