қазақша · русский · english
 
 
 
25.09.2025

Джордж Вашингтон университетінде Abai University докторантының шетелдік ғылыми тағылымдамасы


2025 жылдың 15 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс докторанты Смайлова Жадыраның Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту басталды. Оқыту еуропалық, ресейлік және еуразиялық зерттеулер институты жанындағы Эллиот халықаралық қатынастар мектебінде өтеді.

 

Тағылымдама аясында Жадыра Смайлова өзінің докторлық диссертациясында белгілі славист, кинотанушы және медиа зерттеуші, Джордж Вашингтон университетінің ғылыми кеңесшісі, профессоры Питер Роллбергтің жетекшілігімен жұмыс істейді. Профессордың ғылыми қызығушылықтары Пушкин, Достоевский, Толстой, Набоков, Булгаков және басқа жазушылардың шығармашылығын, сондай-ақ орыс, неміс және кеңес дәуіріндегі қазақ киносының тарихын қамтиды.

 

Докторанттың диссертациялық зерттеуі әдебиет пен киноның өзара әрекеттесу мәселелеріне, сондай-ақ әдебиет пен өнердің әртүрлі түрлерін пәнаралық зерттеу контекстіндегі көркем мәтінді қабылдау ерекшеліктеріне арналған.

 


  alt=    alt=  

  alt=  




Кері оралу