Филология факультеті |
17.09.2025
ABAY UNIVERSITY ОҚЫТУШЫСЫ ҒЫЛЫМИ АТАҚҚА ИЕ БОЛДЫ! Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі №1534 бұйрығымен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Сабирова Дина Алтайқызыға 60200 - Тіл және әдебиет ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
Дина Алтайқызы көптеген мемлекеттік ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады, қазіргі уақытта Қазақстан әдебиеті саласындағы зерттеулерді табысты жүзеге асырып жүр, сондай-ақ беделді халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері. Кафедра ұжымы Дина Алтайқызы осы жоғары ғылыми атақпен шын жүректен құттықтап, жаңа ғылыми жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейді!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|