Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы
2018 жылдың 16 ақпан күні «5В0118 - Орыс тілі мен әдебиеті» және «5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 курс студенттеріне педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өтті. Оның мақсаты - педагогикалық практиканың қорытындыларын талдау, жалпылау, практика барысындағы қиындықтар мен жетістіктерді баяндау.
Студенттерді орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С.Д.Әбішева, педпрактика жетекшілері Ш.Т.Кожакеева, А.К. Казкенова, М.К. Абаева, М.М. Аймагамбетова, Е.А. Ломова, сонымен қатар кафедра оқытушылары қошеметтеді.
Кафедра меңгерушісі Сәуле Жүнісқызы Әбішева өз сөзінде педагогикалық практиканың педагогикалық университеттегі негізгі және маңызды бөлімі екенін атап өтті. Жас ұстаздар өздерінің кәсіби-педагогикалық білімдерін және ептіліктерін жаңа білім беру саласында жүзеге асыруға мүмкіндіктері болды.
Студенттер педагогикалық практиканың өту жайындағы баяндамаларын презентация түрінде ұсынды.
Тәжірибеленушілер тәжірибе кезінде сабаққа дайындалу кезіндегі және өткізудегі қиындықтар, орыс тілі мен әдебиеті сабағындағы есте қалған сәттер жайлы баяндады. Сонымен қатар презентацияға ұстаздар мен оқушылардың пікірлері де көрсетілген. Ұстаздар студенттердің теориялық дайындықтарын, орыс тілі мен әдебиеті сабағын оқыту методикаларын жоғары бағалады.
Жетекшілер педпрактика кезінде студенттердің университетте алған өз білімдерімен қолдана алатынын атап өтті.
Болашақ ұстаздарға сәттілік тілейік!