қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2017

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді


2017 жылы 7 желтоқсан күні Шығыс тілдері және аударма кафедрасының аударма ісі мамандығының магистранттары мен стуенттерінің ұйымдастыруымен 16 - желтоқсан Қазақстан Республикасының күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

 

Мерекелік кеш кафедра меңгерушісі, профессор Князь Мирзоев құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде: «Тәуелсіздікке биыл 26 жыл толуына байланысты бұл бүкіл қазақстандықтар үшін айтулы маңызды мереке. Егемендік алғалы бері Қазақстан жаңа белестерге көтерілді, ұлттық «Ата Заң» қабылданды. Елбасының берік мықты саясатының арқасында бүгінгі күнде елімізді әлем танып отыр. Осы атаулы мерекемен мен сіздерді құттықтаймын!» - деді.

 

Іс шара Тәуелсіздіктің 26 жылдығында жеткен жетістіктері, рәміздері, сондай-ақ Елбасының саясаты мен елімізді дамытуда сіңірген еңбегі жайында танымдық презентация көрсетілді. Мерекелік іс-шарада өнерлі студенттеріміз қазақ, орыс, өзбек және қытай тілінде құттықтаулар айтты, ағылшын тілінде ән шырқады, қызықты көрініс қойды, егемендігіміз туралы көрермендерге сұрақтар қойылып сыйлықтармен марапатталды. Іс-шарада мұғалімдер мен көрермен студенттер де өз ойлары мен құттықтауларын білдірді. 

 

  

 

  

 

  

 

  

 




Кері оралу