қазақша · русский · english
 
 
 
11.03.2024

Ортағасыр ескерткіштерін  зерттеуге арналған ғылыми іссапар


Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының PhD, аға оқытушысы, жоба жетекшісі Н.Н.Қонқабаева және жобаның ғылыми кеңесшісі, ф.ғ.к.,ун.профессоры К.Х.Абдрахманова 2024 жылдың 24.02-05.03 аралығында «Ортағасыр ескерткіштер тіліндегі этномәдени және лингвистикалық парадигма» атты гранттық қаржыландыру жобасы бойынша Каир қаласына (Мысыр) ғылыми іссапарда болып қайтты. Ғылыми іссапардың мақсаты- жоба тақырыбына байланысты Мысыр еліндегі Каир қаласының кітапхана қорынан материалдар жинастыру, қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы қорларындағы зерттеу тақырыбына қатысты материалдарды анықтау, жинақтау, ғылыми ізденістер жүргізу.


Ғылыми іссапарда бірнеше жұмыстар атқарылды:
«معهد المخطوطات العربية (Араб қолжазбалар институты)», «دار الكتب والمخطوطات (Кітапхана және архив орталығы)» институттар мен кітапханаларының сирек кітаптар және қолжазба қорларында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, "ал-Луғат ал-Джаухари" сынды ортағасыр қолжазбасының түпнұсқасымен танысып, ескерткіштің факсимилиесі, аударма нұсқаларының электрондық қоры алынды

Мәмлүктер кезеңіндегі қолжазбаларға байланысты зерттелген ғылыми еңбектер, жекелеген мақалалар, кітаптар, мерзімдік басылымдар анықталып, оларға библиографиялық тізім жасалынды және олардың көшірмелері алынды.
Жоба аясында қолжазбалар қорымен айналысатын бірнеше білікті Ұлттық архивтің мамандарымен, мәмлүктер кезеңімен айналысатын тарихшылармен танысып, өзара пікір алмасып, ғылыми серіктестік орнаттық.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу