қазақша · русский · english
 
 
 
13.11.2017

Поэзиямен кездесу

2017 жылдың 8 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының орыс әдебиеті кеңесінің қатысуымен атақты қазақcтандық ақын және әдебиеттанушы Тамара Maдзигонның (1940-1982) «Өмір кескіні. Өлеңдер. Аудармалар. Мақалалар мен зерттеулер» /Құрастырушылар: С.Шубин, В.Савельева. - Алматы: Жазушы, 2017 ж./ атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кездесуді орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбішева Сауле Джунусовна ашты. Ол кітапты құрастырушылар тобымен таныстырды. Олар орыс тілі  мен әдебиеті кафедрасының профессоры Вера Владимировна Савельева және Сергей Иванович Шубин, осы адамдардың арқасында осы  әдеби кеш өтті.

Дөңгелек үстел аясында Адольф Арцишевский, Аслан Жақсылықов, Бахыт Каирбеков, Валерий Михайлов, Умит Тажикенова, Татьяна Фроловская, Надежда Чернова сынды танымал қазақстандық жазушылар кітапты талқылау жұмысына қатысты.

Ақын Тамара Мадзигонның шығармашығы туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Галина Михайловна Мучник және ф.ғ.д., профессор Ұлболсын Құрманғалиқызы Абишева да сөз сөйледі.
2 курс магистранттар ақынның, ғалымның және оқытушының шығармашылық тағдыры туралы презентация дайындады. Заманауи ақындар Давид Самойлов, Александр Кушнер, Юрий Домбровскийлер Тамара Мадзигоның шығармашылығына қатысты өз ойларын ортаға салды. Тамаша жазушы Ю Домбровскийдің жесірі  Клара Турумова-Домбровская  осы отырысқа сырттай қатысты: ол Тамара Михайловнамен студенттік кезіндегі достығы туралы естеліктерін жіберді. Ресей Жазушылар Одағы Мәскеу қалалық ұйымының төрағасының кеңесшісі  Нина Попова да кітапқа оз ой-пікірін  білдірді.

Кештің жас қатысушылары көрнекі ақындардың әңгімелерін тыңдап, эстетикалық әсер алды. Олардың арасында филология және көптілді білім беру институтының студенттері, магистранттары және докторанттары, сондай-ақ «біздің студенттердің шәкірттері» - Инновациялық және техникалық колледждің студенттері болды.

 

 

 

 

 

Т. Мадзигонның шығармашылық тағдыры туралы презентация




Кері оралу