қазақша · русский · english
 
 
 
03.11.2017

Роза Әлқожаның шығармашылығына арналған «Мен сені сүйемін, өмір!!!» атты кездесу кеші өтті

 

Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 2 қарашасы күні сағат 14:00-де белгілі сазгер, әнші Роза Әлқожаның шығармашылығына арналған «Мен сені сүйемін, өмір!!!» атты кездесу кеші  өтті. Кешке Оқу ісі жөніндегі проректор Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім беруісінің құрметті қызметкері Сәтмырзаев Асан Адасбекұлы, Тәрбие ісі жөніндегі проректоры саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы, Институт директоры филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдіғазиұлы Балтабай, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, академик Б.Ө.Сманов, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ,филология ғылымдарының кандидаты, доцент Молдасанов Ерсайын Мышанұлы, ПОҚ және студенттер, университтет ұжымы қатынасты. Кездесуде белгілі сазгер, әнші Роза Әлқожаға сұрақтар қойылып, әндер айтылды. Кездесудің тәрбиелік мәні зор болды.

 

    

 

  

 

   

 

  




Кері оралу