қазақша · русский · english
 
 
 
02.10.2017

 

 

Біздің түлектер

 

   2016-2017 оқу жылының «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының түлектері  жаңа оқу жылын  магистрант және «Орыс тілі және әдебиеті» пәнінің мектеп оқытушылары  ретінде бастады. 

   «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын меңгерген 11 студенттің 4 -еуі  Абай атындағы КазҰПУ (Ешимова Айғаным, Мамыт Макпал, Козтай Азиза) және  Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің (Аида Амантайқызы)  магистратурасына түсті.

  Қазіргі таңда біздің түлектеріміз Алматы мектептерінде (Айтмаганбетов Айтолқын, Рустембекова Жансая  - Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназияда, Ешимова Айганым  - № 93 ЖББМ,  Мамыт Макпал - №194 ЖББМ, Көпіш Салтанат - №38 гимназияда) және Қызылорда колледжінде (Амантайқызы Аида), Алматы облысы мектебінде (Кулжанова Әсел),  Атырау облысында (Сембиева Құндыз), Оңтүстік Қазахстан облысында (Қуанышбек Ерік) жұмыс жасайды.

  «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының қызметкерлері Абай атындағы КазҰПУ-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының түлектерін Ұстаздар күні мерекесімен құттықтай отырып, денсаулық, сарқылмас  қуат пен шығармашылық табыстар тілейді.

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу