қазақша · русский · english
 
 
 
12.10.2017

Академиялық ұтқырлық 2017-2018 ж

 

  Aғымдағы оқу жылында Филология және көп тілді білім беру институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-ші курсының төрт студенті Слупск (Польша) қаласында  Поморск академиясының  Неофилология институтында семестрлік оқытудан өтіп жатыр.

Қыздар жаңа орынды меңгеріп, қаламен танысып, оқуларына дайындалып жатыр. Олардың бізге жазған хаттарында өздерінің алғашқы әсерлерімен бөлісті:

  «Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польшаның Слупск қаласындағы семестрлік оқу   бізге бұйырыпты. Бірінші кезекте айтарымыз, бізде ең жақсы, барлық жағдай жасалған жатақханаға орналастырды. Біз орналасқаннан кейін қаланы аралап қыдырдық, қала өте кішкентай болғанымен, өзінің өзіндік тамаша жайлылығымен, тазалығы және тыныштығымен таң қалдырады. Бұл қаладағы барлық ғимараттар орта ғасырлық  қорғандер мен сарайларға өте ұқсас.

  Университетте бізді өте жылы қарсы алды. Бұл жерде бізбен бірге университетіміздің басқа да мамандықтарының студенттері оқитын болады.

   Біз университетіміз Абай атындағы КазҰПУ-ға, кафедрамыз «Орыс тілі мен әдебиеті»  кафедрасына бізге ұсынған тамаша мүмкіндіктері үшін алғысымызды білдіреміз.

   Барлығына салем жолдаймыз және біз  сағынамыз!!!».

 

 

Адалатхан Кәрімова, Ажар Нүсіпжанова, Аружан Ордабаева, Анна Балханова


 




Кері оралу