қазақша · русский · english
 
 
 
05.10.2017

 

Мемлекеттік тіл - менің тілім

       21 қыркүйек - Тілдер мерекесіне орай «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының  1 курс 2 топ студенттері 21 қыркүйекте «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты тәрбие сағатын өткізді. Бұл мерекелік шараға п.ғ.д. Р.Рахметова, п.ғ.к. Г.Кенжебаева, ф.ғ.д., доцент Н.Ильясова, кафедраның тәрбие жөніндегі жауаптысы ф.ғ.к. Е.Қасенов қатысты.

       Студенттер «Алғырлар» және «Тапқырлар»  деген 2 топқа бөлініп, тіл туралы ғұламалар пікіріне талдау жүргізіп, студенттер тіл туралы тұшымды деректер келтірді. Тілдің бүгінгі жайы, даму болашағы туралы сүбелі ойлар ортаға салынды. Студенттер тіл жөніндегі мақалдарды жатқа айтып, олардың мән-мазмұнын таныта білді. Тәрбие сағатының соңында өлеңдер оқылып, әсем ән шырқалып, сайыс өз мәресіне жетті. 

 

 

 

 

 




Кері оралу