қазақша · русский · english
 
 
 
29.09.2023

Аударма мәселелері бойынша ғылыми жоба орындаушыларының Мәскеу қаласына ғылыми сапары

 

AР19680449 «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және оқу саласы» ғылыми жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылдың 17-27 қыркүйегі аралығында Мәскеу қаласында ғылыми жобаны орындаушылар келесі құрамда іссапарда болып қайтты: Абай университеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры (ғылыми жетекшісі) Айгүл Жұмабекова, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқытушылары (жобаны орындаушылар) PhD Айжан Куркимбаева және Айым Алдабергенова.

 

Мәскеуге шетелдік ғылыми сапардың мақсаты - гуманитарлық ғылымдардың түрлі салаларында аудармашыларды даярлауды жүзеге асыратын жетекші ресейлік ғылыми және білім беру орталықтарында аударма сапасын бағалаудың авторлық жүйелерін қолдануды зерттеу болды.

 

Ғылыми жобаны орындаушылар Мәскеудің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушыларының сабақтарына қатысып, М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінің - филология ғылымдарының докторы Шет тілдерін оқыту теориясы кафедрасының профессоры, аударма теориясы мен практикасы бойынша атақты оқулықтардың авторы З.Г. Прошина; Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті - Ресей аудармашылар Одағының мүшесі, Ресей тілші-когнитивисттер ғалымдар қауымдастығының мүшесі, аударма теориясы мен практикасы және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., проф. Е.И. Ковалева, осы кафедраның оқытушылары Д.А. Арсеньева және З.Т. Келехсаева; Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті - ф.ғ.к., шет тілдері кафедрасының доценттері Г.Т. Безкоровайная, А.Е. Григорян, Е.И. Соколова; Ұлттық зерттеу университеті «Экономика жоғары мектебі» - ф.ғ.д., шет тілдері мектебінің доценті И.В. Убоженко және т.б. ғалымдармен ғылыми байланыстар орнатты.

 

2023 жылдың 26 ​​қыркүйегінде Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде аударма факультетінің деканы Е.А. Похолкова, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жобалық кеңсенің директоры О.Г. Егорова, неміс тілі және аударма кафедрасының меңгерушісі Е.А. Юкляева, ТМД және жақын шетел тілдері мен мәдениеті кафедрасының меңгерушісі Ж.С. Хулхачиева және осы университеттің оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жобаны орындаушылар өздерінің зерттеу міндеттері туралы айтып, ресейлік әріптестерімен пікір алмасты.

 

Қорыта айтқанда, ғылыми сапар өте жемісті өтті; аударматану саласының кәсіби мамандарымен кездесулерге толы болды.

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу