қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2017

Юесю атындағы Чжэцзянск шет тілдер университетінің

(Қытай, Шаосин қаласы) басшылығының ресми сапары


     2017 жылы 18 мамырда Юесю атындағы Чжэцзянск шет тілдер университетінің басшылығы делегациясының Филология және көптілді білім беру институтының басшылығымен ресми кездесуі өтті. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында білім алып жатқан студенттерімен де кездесті.
    Институт директоры Б. Әбдіғазиұлы университетіміздің тарихы тереңге кеткен кафедрамен таныстырып, оқытушылардың жоғары дәрежесін атап айтты.
   Алғы сөзде кафедра меңгерушісі С.Ж. Әбішева Чжэцзянск университетінің басшылығына студенттерінің үлгерімі туралы және жауаптылығы мен тәртіптілігін тілге тиек етті.
    Жоспар бойынша студенттер ары қарай эдвайзері, доцент М.К. Абаевамен ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайына және Бірінші Президент Саябағына аттанды. Экскурсия барысында студенттер ҚР мәдениетімен, тарихымен танысып, ҚР Тәуелсіздігіне арналған экспозицияны және де Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған залды тамашалады. Брінші Президент Саябағы қонақтарды өзінің ауқымы мен сұлулығымен тамсандырды. Экскурсия барысында студенттер сөйлеу икемін дамытты.
    Семестрлік оқулары соңына таяған студенттер жылы шырай мен ұқыптылық танытқан кәсіпқой оқытушыларға алғыстарын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу