қазақша · русский · english
 
 
 
18.05.2017

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


Құрметті Ақшайым Мақсутовна!

      Сізді  өміріңіздің жарқын белесі - докторантураны сәтті аяқтап -  PhD докторант  ғылыми дәрежесін  алуыңызбен құттықтаймыз! Сіздің  егемен мемлекетіміздің ғылымын дамытуда тынбай еңбек етіп жүрген ғалымдарының қатарынан көріне  білгеніңізді мақтан тұтамыз. Осы алған ғылыми дәрежеңізге сай  өзіңіздің бойыңыздағы біліміңіз бен талантыңызды  тәуелсіз мемлекетімізді  дамыған мемлекеттер қатарына қосатын білікті, білімді,  бәсекеге қабілетті де жалынды, жаңаша ойлайтын жастарға жұмсайтыныңызға толық сенеміз.

         Сонымен қатар, мықты денсаулық пен алған біліміңіздің арқасында құнды ғылыми еңбектердің авторы болып еліміздің білім жүйесінің  дүниежүзілік білім беру кеңістігінен көрінуіне айтулы үлес қосатын қайратты да жалынды азаматы болатынынызға кәміл сенеміз.

            Сәттілік болсын өмірде,

            Қуаныш болсын көңілде!

            Ғылымда алған дәреже

            Көрсетсін биік нәтиже!

              Ізгі тілекпен:  Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология және көптілді білім беру институты, филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы ұжымы және кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Шаханова Розалинда Әшірбайқызы

 




Кері оралу