қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2017

      28.04.2017 ж. сағ. 11:00-де Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы, Филология және көптілді білім беру институтының директоры профессор Б.Әбдіғазиұлының басқаруында, Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлымен «Тәуелсіздік тағылымы: мемлекеттік тілдің дамуы мен өзекті мәселелері» атты кездесу кеші өтті.

 

    Кездесу кешін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры, академик С.Ж.Пірәлиев ашып, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлының өмір жолы, өмірлік ұстанымы: «жер,ел,тіл» мәселелері туралы ойларына сараптама жасап, еңбектерінің құндылығына тоқталды. 

 

      Кездесу кешіне: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аппарат жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Сманов Бақтияр Өрісбайұлы, Oқу ісі жөніндегі проректоры Философия ғылымдарының докторы, профессор,ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы, ф.ғ.д., профессор Ә.Жүнісбеков, профессор Т.Жанұзақұлы, профессор Ж.Манкеева т.б ғалымдар қатысты. Студенттер Өмірзақ Айтбайұлына қоғамдағы тіл, жер, ел мәселесі туралы сұрақтар қойып, тұшымда жауаптар алды. Қатысушылар Өмірзақ Айтбайұлының өмір жолы, өмірлік ұстанымы:
«...Баланы 12 жасқа дейін, қазақша оқыту..
...қазақша білім бергенде ғана ұлттық рухымыз биік болады...
...балабақшадан қазақ тілінде оқытпай тіректі ұрпақты қалыптастыра алмаймыз...
...Тілдің киесі мені биікке көтерді... тілім, Абай шығармалары күш береді, мені алға жетелейді ... Ана тілім, анамнан қалған бағым...» 
туралы мол ақпараттар алды. Автор студентерге өз еңбектерін сыйға тартып, қолтаңба берді.

Е. Молдасанов. 28.04.2017 ж.

 




Кері оралу