қазақша · русский · english
 
 
 
24.01.2023

Педагогикалық тәжірибе - мамандарды даярлау сапасын арттыру құралы


2023 жылдың 20 қаңтарында Филология институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі шет тілі ретінде» мамандықтарының үшінші курс студенттеріне арналған ұйымдастыру конференциясы өтті.


Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева құттықтау сөз сөйлеп, жетекшілер мен студенттерді педагогикалық практиканың екінші кезеңінің басталуымен құттықтады және болашақ түлектерге 4-ші курста педагог біліктілігін алудағы маңызды кезең - ұлттық біліктілік тестілеуден өтетіндерін ескертті. Сол себепті студенттер қазірден бастап қажетті құзыреттіліктерді игеру үшін педагогикалық жұмыс тәжірибесін жинақтауға, мектептің оқу материалын оқуға байыпты қарауы керектігі айтылды.


Кафедра бойынша педагогикалық тәжірибенің ұйымдастырылуына жауапты аға оқытушы М.М.Хавайдарова студенттерді мектептерге бөлу тізімдерімен, тәжірибенің мақсат-міндеттерімен таныстырды, 23.01.-11.02.2023 ж. аралығындағы алдағы төрт аптаға - тәжірибе жетекшілері мен практиканттардың міндеттерін анықтады. Тәжірибе жетекшілері тілектерін білдіріп, шешуді талап ететін мәселелерді атап өтті. Студенттер негізгі құжат болып табылатын портфолио мен педагогикалық тәжірибе күнделігінің құрылымымен, өткізілетін ашық сабақтардың каналға жүктелу тәртібімен танысты.


Қазақстан Республикасында педагог мәртебесін арттыру - педагогикалық жоғары оқу орындарында маман даярлау сапасын арттыруды талап етеді. Педагогикалық тәжірибе - осы дайындықтың маңызды буыны. Жақсы деңгейде ұйымдастырылған тәжірибе студенттерге өздерін нағыз мұғалім ретінде сезінуге көмектеседі деп үміттенеміз.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу