қазақша · русский · english
 
 
 
24.04.2017

Қазақстан тарихы экранда


      2017 жылдың 21 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Таласбек Асемқұловтың сценариі бойынша түсірілген режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильмінің көрсетілім болды.
      Кездесуге қонақ ретінде жазушы Т. Асемқұловтың жары Наурызбаева Зира Жетібайқызы, жазушыны өте жақсы таныған Қазақстандағы белгілі мәдентеттанушы, аудармашы, сценарист, суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер Академиясының корреспондент-мүшесі Мейірхан Абдырахманов келді. Қатысушылар фильмді жасауға атсалысқан адамдардың естеліктерін қызығушылықпен тыңдады.
    Фильмді талқылауға мәскеулік қонақ, ф.ғ.д., РХДУ профессоры Бахтыкиреева Ұлданай Мақсұтқызы қатысты.
     Студент, магистрант, докторант пен оқытушылар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, бұрын-соңды білмеген тарихтың жаңа беттерін ашқындарын, кейіпкерлердің қазақ тарихындағы өзіндік орындарына қатысты ойларын айтты.
    Қонақтармен қызу талқы кафедрада жалғасын тауып, осындай кездесулер адамды рухани байытатындығына тағы да куәгер болдық.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу