қазақша · русский · english
 
 
 
02.06.2022

«Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайында

 

2022 жылдың 31 мамыры күні Филология институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Касеновтың ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс 101 және 102 топ студенттері Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына» арналған мұражайға барып, танымдық саяхат жасады.

 

Бұл танымдық сапарға ұйытқы болған топ эдвайзерлері - доцент Райгүл Рахметова мен аға оқытушы Қарлығаш Сейталиева топ студенттеріне бұл мұражайдың мәнін жете түсіндірді. Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында (1920-1950 жж.) жазықсыз зардап шеккендерді мәңгі есте сақтау үшін құрылған мұражайдағы 4125 адамның аты жазылған тақтаның өзінен студенттер зұлмат жылдардан мол ақпарат алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу