қазақша · русский · english
 
 
 
16.03.2017

Филология және көптілді білім беру институтында Шығыс тілдері және аударма кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жұмабекова Айгүл Қазкенқызының ғылыми-әдістемелік басылымдарының тұсаукесері болып өтті 17.02.2017.

Ашылуында  Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Филология және көптілді білім беру институтының директоры филология ғылымдарының докторы, професссор - Б.Әбдиғазиұлы; Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқу ісінің меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидиты - Г.З.Таубаева; Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Шығыс тілдер және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор - К.И.Мирзоев сөз сөйледі.

А.Қ.Жұмабекова екі монаграфиясын таныстырды:

  • Антонимия в казахском и русском языках (опыт сопоставительно-типологического анализа). -Алматы: ТОО «Институт развития государственного языка». - 2016. - 168 с.;
  • Основы системного описания лексики казахского и русского языков. Монография. - Изд. 3-е, перераб и доп. - Алматы: «Са-Га»,2016 . - 192 с.;
  • и одно учебное пособие (в соавторстве с А.А. Головчун):
  • Modern Methodology of the Theory and Practice of Translation - Almaty: «Ғылым ордасы», 2016. - 168 p.

Бұл ғылыми және ғылыми-әдістемелік басылымдардың талқылауға ғалымдар, филологтар, Алматыдағы түрлі жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғам қайраткерлері Б.Қапалбек - «Мемлекеттік тілді дамыту институты», филология ғылымдарының кандидаты атқарушы директоры; Г.А. Қажиғалиева - Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті  Филология және көптілді білім беру институты, Білім докторы әдіснамасын оқытуда филология пәндерінің профессоры;  А.А. Момбек - «Педагогика және психология» журналының басты редакторының оранбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты; Л.К. Жаналина - Абылайхан атындағы ҚазҚХ және ӘТУ-нің  теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының профессоры; Ж. Манкеева  - А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, лексикография кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор; С. Құлманов - А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, терминология меңгерушісі, доцент; Л.Ю. Мирзоева  - Сулейман Демирел атындағы университетінің филология кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы; А.О. Искакова  - Т.К.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Қазақстан халқы Ассамблеясы және шет тілдер кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының докторы; З.Ш. Мақажанова - Қазақстан ҚазҰӨА-ның Қазақстан халқы Ассамблеясы және шет тілдер кафедрасының доценті; А. Ли Алина -  Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Шығыс тілдері және аударма кафедрасының «Аударма ісі» мамандығының  2-курс магистранты және т.б. қатысты.

Сондай-ақ баяндамаларды талқылауға Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Филология және көптілді білім беру институтының  оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатысты.

Қорытындылай келе  ф.ғ.д. проф. А.Қ.Жұмабекова Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Филология және көптілді білім беру институтының  студенттері мен магистранттарына, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің кітапханасына, тұсаукесерге қатысушыларға сыйлыққа кітаптар берілді. 




Кері оралу