қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2022

«Ғылым онкүндігі 2022»: «Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлері» атты шығармашылық конкурсы

 

2022 жылдың 8 сәуірінде ҚазҰПУ-дың, Филология институтының «Шетел тілдері» кафедрасының ұйымдастырумен «Ғылым онкүндігі 2022» іс-шарасына орай «Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлері» атты шығармашылық конкурсы өтті.

 

Шетел тілдері кафедрасының магистр оқытушыларының Сырлан Д., Серікбай М.М., Кемел Б. ұйымдастыруларымен «Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлері» атты тақырыпта «Жәрмеңке-көрме» форматындағы шығармашылық байқауы өткізді және оған «шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-2-3 курс студенттері қатысты. Бұл байқауға: «Америка, Англия, Австралия, Канада, Шотландия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка» елдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері, тағамдары таныстырылды. Қатысушылар арасында 1-ші орынды «Канада» тобы, 2-ші орын - «Шотландия, 3-ші орын - "Америка" тобы иеленді.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген шетелдік магистранттар өткізілген іс-шараға өз пікірлерін білдіріп, әсерлерімен бөлісті. Магистрант мамандар шығармашылық байқауынан алған әсерлерімен бөлісу барысында ҚазҰПУ студенттерінің ерекше креативтілігі мен олардың өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізгендігіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ұйымдастыру және әлеуметтік маңызы жағынан алып қарағанда шығармашылық байқауы өте жоғары дәрежеде және ашық режимде өткені атап өтілді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу