қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2022

Ғылым онкүндігі - 2022: «Медиасауаттылық - заман талабы» семинар тренинг


2022 жылдың 6 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Ғылым онкүндігі - 2022» атты өтіп жатқан іс-шаралар аясында Филология және көптілді білім беру институты практикалық ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары мен студенттердің қатысуымен «Медиасауаттылық - заман талабы» тақырыбында семинар тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны MA in International Journalism, Cardiff University (UK), жас ғалым, журналист, тележүргізуші Ердана Ержанұлы өткізді.


Мақсаты - қазіргі цифрлық әлемдегі ақпарат ағынының шындығы мен өтірігін айыра білуге үйрету, БАҚ-тың қоғамға тигізетін кері әсерін талдау, студенттердің медиа сауаттылығын және түрлі фейктерге қарсы иммунитетін арттыру.


Жаһандану дәуірінде жекелеген деструктивті элементтердің арандатушылық, теріс пікір білдіру, үндеу айтуы қауіпті. Мұндай ақпаратты күнде кездестіреміз. Ердана Ержанұлы сенімді хабарлар мен фейк жаңалықтардың айырмашылығын түсіндіріп, соңғысының манипуляциясынан сақ болуды ұсынды. Тренинг барысында қатысушылардың медиа сауаттылық құзіретін анықтау үшін интерактивті Mentimeter.com - нақты уақытта жүргізілетін онлайн сауалнама жүргізілді. Студенттер жүргізушіге өздерін қызықтырған мағлұматтар бойынша сұрақтар қойды.


Тренингті ұйымдастырушылар: кафедра оқытушылары Турсынбаева К., Ашимова Н., Туреханова А.

 

   

 

       




Кері оралу