қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2022

Ғылым онкүндігі-2022: «Computers become so advanced and interactive that students in the future will have no need for a human education in the classroom» пікір-сайысы

 

2022 жылдың 6 сәуірінде Ғылым онкүндігі-2022 іс-шарасы аясында, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Шетел тілдер» кафедрасы, «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 205, 206, 207 топ студенттері мен кафедра оқытушылары : Керімебков Тоқтар мен Ордабаев Шыңғыс «Computers become so advanced and interactive that students in the future will have no need for a human education in the classroom» тақырыбында ғылыми пікір сайыс (дебат) ұйымдастырды. Формат - офлайн.

 

Бірінші кезеңде тақырып, дебаттың ережелері және оның форматы беріліп, «Government» және «Opposition» топтарының атынан қатысатын оқушылар таңдалып, секундомер берілді. Негізгі кезеңде баяндамашылар өз ұстанымдары мен көзқарастарын білдіріп, жеке-жеке сөз сөйледі. Әр командадан үш спикері тағайындалды: біріншісі спикері болашақ терминологияға анықтама берді және негізгі ұстанымын білдірді; екіншісі - идеялармен, фактілермен, дәлелдермен сөйледі; үшінші - қорытындылар шығарып, кейбір мәселелер бойынша түсініктемелер берді. Екі команда өнер көрсеткеннен кейін көрермендерге сұрақтар қою құқығы берілді. Қорытынды кезеңде іс-шараға қатысушылардың дауыс беруі арқылы шешім шығарылып, жеңімпаз команда анықталды.

 

Студенттер әңгімелесу дағдыларының жоғары деңгейін, аудиторияны меңгеру және аудиториямен жақсы байланыста болу қабілетін және дебат тақырыбына, сондай-ақ пікірталас форматының өзіне деген қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Олар мұндай шаралар одан әрі жалғасады деген үміттерін білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу