қазақша · русский · english
 
 
 
01.04.2022

«Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» тәрбие сағаты


2022 жылдың 31 ақпанында Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының магистр оқытушысы Ұ.А. Ислямова аударма ісі мамандығының 1 курс студенттерімен «Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» тәрбие сағатын Наурыз мерекесімен бірге ұштастырып өтті.

 

Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын іс-шараға студенттер белсенді түрде атсалысты. Шараға арнайы қонақ «Ақниет мектебінің» директоры, Педакадемияның негізін қалайшы педагог ұстаз Саят Ибраимов қатысып, студенттерге құнды мағлұматтар айтты. Кафедра меңгерушісі және оқытушылары ұлттық асымыздан дәм татып, оффлайн оқуға жаңадан келіп жатқан 1 курс студенттеріне жылы лебіздерін білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу