қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2017

Заңгерлермен кездесу


2017 жылдың 25 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Қаржы қызметі даму ұлттық қорының басшысы заңгер Ли Андрей мен әріптесі Татьяна Пожидаевамен кездесу өтті.
Кездесу интербелсенді семинар түрінде өтіп, бірінші курс студенттері мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды. Студенттер өздерінің құқықтары мен міндеттері жайлы мағлұмат алды. Айта кетсек пара беруге және соған көмектесу, тиым салынған орындарда шылым шегу мен спирттік сусындар ішу жазалары туралы және де елімізде тәртіпті сақтауда нөлдік шыдамдылық ұстанатындығы жайлы білді.
Заңгерлер жастардың өз бойында жауапты азаматтық ұстанымды тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударды. Әр азамат «Әділесіздікке немқұрайлылық танытпау» позициясын ұстануы тиіс. «Адамның құқықтары екінші адамның құқықтары басталғанда бітеді» деді танымал қазақстандық заңгер Андрей Ли. Кафедра меңгерушісі Сәуле Жүнісқызы қонақтарға алғысын білдіріп, кафедра оқытушылары шығарған кітаптарды табыстады.




Кері оралу