қазақша · русский · english
 
 
 
21.02.2017

3 курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті.


Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 3 курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесі сәтті аяқталды.
Нәтижесінде 20 ақпанда қорытынды конференция өткізілді. Әр мектеп өз жұмыс барысы туралы есеп тапсырды. Есепті студенттеріміз қызықты әрі көңілді жеткізді, айта кетелігі қызықты фотоға толы слайдтар арқылы мектепте оқушылардан, мұғалімдерден алған әсерлерімен бөлісіп, ән де орындады.
Есейген қалыпта үшінші курс студенттері сабақтарға оралды. Кафедра меңгерушісі С.Ж. Әбішева, педпрактика жетекшісі Ш.Т. Кожакеева мен әдіскер-оқытушылар мықты ұстаз болуларына тілектестіктерін білдірді.

 

 




Кері оралу