қазақша · русский · english
 
 
 
31.01.2022

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында докторанттардың аттестациясы өтті

 

2022 жылдың 28 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі және әдебиеті кафедрасында докторанттардың аттестациясы өтті. Есеп барысында докторанттар ағымдағы оқу жылының күзгі семестрінде атқарған жұмыстары туралы айтты. Аттестацияға 1, 2 және 3 курс докторанттары және олардың ғылыми жетекшілері қатысты.

 

Докторанттың әрбір баяндамасы презентациямен, жазбаша баяндамамен және кафедраның ғылыми жетекшілері мен профессорларының ескертулерімен сүйемелденді. Бірінші курс докторанттары теориялық оқуларын аяқтап, барлық емтихандарды тапсырып, диссертациялық жұмыстарын орындауға кірісті.

 

Екінші курс докторанттары кафедрада онлайн режимінде педагогикалық және ғылыми-зерттеу практикасын аяқтады. Үшінші курс докторанты Тампилова Элеонора Слупск қаласындағы (Польша) Помор Академиясында шетелдік ғылыми жетекшісі, профессор Галина Нефагинада ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

«6D011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының екінші курс докторанты Молдағали Мадина Литва мемлекеттік стипендиясының (Lithuanian State Scholarship) иегері атанып, Вильнюс қаласындағы (Литва) Миколас Ромерис университетінде күзгі семестр кезінде оқуға мүмкіндік алды.

 

Барлық докторанттар аттестациядан сәтті өтті. Аттестацияға қатысқан кафедра оқытушыларының ескертулері мен ұсыныстары докторанттарға кемшіліктерін түзеп, оқуын сәтті аяқтауға көмектеседі.

 

   

 

   




Кері оралу