Филология факультеті |
27.10.2021
Терроризмге қарсы түсіндіру жұмысы
2021 жылдың 26 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасы эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен Терроризмге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға кафедра мүшелері, кафедраға қарасты барлық мамандықтың студенттері қатысты.
Мақсаты - студенттерге терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Студент жастарға қоғамның әлеуметтік, құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік бағытта арандатуға жол бермеу.
Тероризмнен сақтану бағытында қазіргі кездері бүкіл әлем болып күрес жүргізуде. Бірақ әртүрлі ұйымдар, топтар адамзат өміріне қатер төндіруін тоқтатар емес. Сол себептен де бүкіл әлем болып терроризмге қарсы күрес жүргізу құптарлық іс екендігі айтпаса да белгілі. Жалпы терроризм туралы тоқталып өтейік.
Кейбір анықтамалықтарда «терроризм » дегеніміз джихадты, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» - араб тілінде «ирхаб», мағынасы - «қорқыту» дегенді білдіреді. Ал, терроризм сөзі латынша terror-қорқыныш, үрей деген мағынада айтылады. Осы жерде террорлық қадамға кімдер барады деген заңды сұрақтар туындайды. Қоғамдағы сәтсіз қолайсыз отбасылар мүшелері, мансап, билік, жеке мүдені көздеушілер, компьтерлік ойындар арқылы психиканың бұзылуына тап болғандар тағы көптеген террорлық ұйымдар арбауына алданған жандар. Террористер тек қана діни ағымдағы адамдар деп ойлау кәте пікір. Террористер қатарына кез келген жастар мен ересектер, қыздар мен әйелдер, адам өміріне қауіп төндіретін арандатушылыққа сеніп қалғандар да кездеседі.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|