Филология факультеті |
06.09.2021
Заманауи мектеп оқулықтарына арналған халықаралық симпозиум
2021 жылғы 3 қыркүйекте «Қазіргі заманғы мектеп оқулығының тілі: психологиялық және дидактикалық аспектілер» Халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумы өтті. Пленарлық отырыс білім беру мазмұнын сараптау Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрлановтың баяндамасымен ашылды.
«Оқушылардың тілдік тұлғасының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқулықтар мазмұнының сәйкестігі» секциясының жұмысына Филология және көптілді білім беру институтындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева қатысты. Кафедра доценті Зинаида Полякпен бірлесіп жазған баяндамасы аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды, өйткені аталмыш шара филолог-мұғалімдер үшін әдебиет оқулығындағы көркем мәтінді түсіндіру мәселесіне арналды.
Симпозиум жұмысына ғалымдар, оқулық авторлары, мектеп мұғалімдері қатысты. Оқулықтарды жасаудың педагогикалық, мәдени және лингвистикалық аспектілері осы форумда жан-жақты қамтылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|