қазақша · русский · english
 
 
 
18.06.2021

Орыс филологиясы секциясында Халықаралық конференция жұмысы жалғасты

 

2021 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және рухани-мәдени құндылықтар» Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция жұмысы жалғасты.

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы дайындаған «Қазақстандағы және әлемдегі орыс филологиясы: интеграция аспектілері» секциясының бағдарламасына қазіргі лингвистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар енгізілді.

 

Секцияның модераторы шетелдік серіктес университеттің өкілі - Таллин университетінің (Эстония) профессоры Ирина Белобровцева болды.

 

Секция отырысын ашқан оның баяндамасы тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

 

Конференцияға қатысушылар конференция ұйымдастырушысы - Филология және көптілді білім беру институтына ғылыми идеялармен жемісті алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу