қазақша · русский · english
 
 
 
02.09.2016

 

1 қыркүйек - білім күні
2016 жылдың 1 қыркүйегі күні жаңа оқу жылының басталуына орай Абай атындағы ҚазҰПУ мерекелік шара өтті. Бұл шарадан филология институтының студенттері де тысқары қалмады.


Салтанатты шара орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында өз жалғасын тауып, кафедра меңгерушісі С.Ж. Әбішева мен Абай атындағы ҚазҰПУ ардагер профессоры М.Р. Кондубаева бірінші курс студенттеріне ізгі тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.


1 курс студенттері мен магистранттары болашақ ұстаздары мен университеттегі топ жетекшілерімен, жоо академиялық күнтізбесі және оның ережелерімен танысты.
Жаңа оқу жылында студенттеріміз университет қабырғасында жемісті де жеңісті күндерін өткізеді деген сенімдеміз.




Кері оралу