қазақша · русский · english
 
 
 
19.03.2021

Кәсіби бағдар жұмысы шалғай аудан мектептерінде жандануда

 

2021 жылы 19 наурызда Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Нурекешова Г.Р., Сатылханова Г.А., Мамырбаева М.З., Султанкулова Ш.У. басшылығымен ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылының Амангелді орта мектебі ұстаздары мен 11 сынып түлектеріне арнап кәсіби бағдар жұмысы бойынша онлайн-платформада кездесу ұйымдастырылды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті туралы видео-роликтен бастап, Шетел тілдері кафедрасы жайлы ақпарат бере отырып, мектеп түлектерінің таңдауларын өзіміздің іргелі оқу орнымызға жол сілтеді. Кәсіби бағыт-бағдар беріліп, педагогикалық мамандық таңдаудың әлемдегі болып жатқан жағдайдан кейін өзіндік орны мен өміршеңдігін дәлелдегенін, шәкіртақының өскендігін және көпшіліктің назары қазіргі таңда осы педагогикалық мамандықтарда екенін баяндап, таңдауларын дұрыс жасауға шақырды.


Онлайн-кездесу барысында Амангелді орта мектебі ұстаздары Жакашева Г.К., Желдыбаева Н.Т., Каримова П.К., Нурхина Б.М., Барбосынова Ж.М. және 11 сынып оқушылары өз ой- пікірлерін білдірді.


Сонымен қатар, аға оқытушы Мамырбаева М.З. жетекшілік ететін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3 курс студенттері DAAD стипендиясының жүлдегері Кизатова Айдана және Қалибек Аяулым өздері таңдаған шет тілі мамандығының ұтымды жақтары мен академиялық ұтқырлық бағдарламасымен жинаған білім алмасу тәжірибелері жайлы презентациялар жасап, өз ойларын ортаға салды.


Кездесу соңы пікір алмасумен аяқталды.

 

   

 

   

 




Кері оралу