қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2021

«Әдістемелік десант: болашақ педагог мамандарды кәсіби қолдау» телекөпірі

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 2021 жылы 17-22 ақпан аралығында «Әдістемелік десант: болашақ педагог мамандарды кәсіби қолдау» тақырыбында республикалық телекөпір өткізді.


Телекөпір жұмысында республикамыздағы ЖОО профессор-оқытушылары, әдіскер-ғалымдар, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының қызметкерлері, Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы, БАҰО «Өрлеу» орталығының жетекші тренерлері, озық тәжірибелі мектеп мұғалімдері өзара тәжірибесімен бөлісті, шеберлік сыныптарын көрсетті. Болашақ мұғалімдер мен жас мамандардың біліктілігін арттыруға, болашақ маман-студенттердің кәсіби дамуына бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған телекөпір жұмысы нәтижесінде тыңдаушы ретінде қатысқан республикамыздағы ЖОО студенттері үшін төмендегідей конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаздары анықталды:

 

«Үздік эссе» конкурсы бойынша:

І-дәрежелі дипломды С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Талап Бұлбұлхан иеленді. ІІ-дәрежелі дипломды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология мамандығының 3 курс студенті Ортай Гауһар, «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Нұрғазы Жұлдыз иеленді. ІІІ -дәрежелі дипломмен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Жамалова Индира, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері Жұмағұлов Мағжан, Қасымханова Жансая марапатталды.

 

«Үздік кері байланыс» конкурсы бойынша:

І-дәрежелі дипломды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология мамандығының 3 курс студенті Біләл Ертай иеленді.

 

ІІ-дәрежелі дипломды ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан-Американдық еркін университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті Кенжебекова Айдана мен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің 3-курс студенті Ибрашева Сағыныш иеленді.

 

ІІІ-дәрежелі дипломмен Өскемен қаласы. Қазақстан-американдық еркін университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Жәмсап Ақерке, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3- курс студенті Досова Меруерт марапатталды.

 

«Үздік панорамалық-бейне сабақ» конкурсы бойынша:

І-дәрежелі дипломмен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Қалибек Оңалар иеленді Бейне сабақ. 7-сынып «Қазақ тілі» «Ас - адамның арқауы». Бейне сабақ youtu.be желісінде: https://youtu.be/no62a3szo5u.

 

ІІ-дәрежелі дипломмен Орал қаласы, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 2-курс студенті «Қобланды батыр жырындағы кейіпкерлер бейнесі» тақырыбындағы 5-сыныпқа арналған бейне сабақ жұмысы үшін Зафура Мамыт, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 3 курс студенті Қазақ әдебиеті. «Баянның батырлығы алашқа аян» тақырыбындағы 7-сыныпқа арналған бейне сабақ жұмысы үшін Колхоз Назерке марапатталды.

 

ІІІ-дәрежелі дипломды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті «Тігінші мен ай» тақырыбындағы 2 сыныпқа арналған бейне сабағы үшін Берікова Аяулым иеленді.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті кеңістігінің әдіскер- десантшылары және студенттер үшін аталған іс-шараның танымдық, тағылымдық, әдістемелік маңызы мен мәні айрықша болды.

 

       

 

   

 

   




Кері оралу