қазақша · русский · english
 
 
 
25.05.2016

О.Сүлейменовтың 80-жылдығына арналған мәтінді мәнерлеп оқушылардың байқауы өтті.

2016 жылдың 24 мамыры күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Қ.С. Бұзаубағарованың ұйымдастыруымен мәтінді мәнерлеп оқушылардың байқауы өтті. Мерейтой иесі Сүлейменов Олжас Омарұлының шығармашылығына арналған бұл байқауға 3 курс студенттері қатысып, ақынның өлеңдерін терең ұғынып, нақышына келтіре оқыды. Байқаудың әділ қазылар алқасына О.Сүлейменовтың кітаптарының баспагері, шығыстанушы, академик Сафар Абдулло, әлеуметтану ғылымдарының докторы Майдан Әбішев, ақын, әдеби сыншы Павел Банников шақырылды. Ең әсерлі оқыған студенттер байқаудың жеңімпазы атанып, ақынның қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға алды.


 


 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

 

 

 

 




Кері оралу