Филология факультеті |
25.12.2020
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтындағы ғылыми конференция
2020 жылдың 24 желтоқсанында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Шәмшиябану Қанышқызы Сәтпаеваның 90 жыл толуына орай ғылыми конференция өтті.
Шәмшиябану Қанышқызы Сәтпаева (1930-2002) көрнекті ғалым-филолог болды. Оның қазақ әдебиетінің тарихы, әдеби байланыстардың дамуы, Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметі, А. Байтұрсыновтың және басқа да қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың шығармашылық мұрасы жөніндегі зерттеулері отандық ғылымның классикасына айналды.
Конференцияға Ш.Қ.Сәтпаеваның оқушылары, оның ғылыми мектебінің ізбасарлары қатысты.
Конференцияда Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева баяндама жасады. Баяндама тақырыбы «М.Мақатаев поэзиясындағы дәстүрлі және жеке фразеологизмдер» ХХ ғасырдағы қазақ ақынының поэтикалық толғаныс мәдениетін және жаңашыл ізденісін көрсетуге мүмкіндік берді.
Ғылыми конференцияларға қатысу - орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының және М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен ынтымақтастығының бір түрі, сонымен қатар кафедраның ғылыми серіктесі және Абай атындағы ҚазҰПУ түлектері үшін М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жұмыс беруші болып табылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|