қазақша · русский · english
 
 
 
06.05.2016

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ақын Күләш Ахметова атындағы әдеби-шығармашылық зертханасы ұйымдастырып отырған ақынның 70 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Күләш әлемі» оқулары өтті. (29.04.2016ж). Филология институты филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі, қазақ тілі мен әдебиеті кафедралары және С.Сейфуллин атындағы әдеби шығармашылық оқу-әдістемелік бірлестігінң ұйымдастыруымен ф.ғ.к.,аға оқытушы Зейнеп Османованың жетекшілігімен «5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бөлімінің 2-курс студенттері қатысып, Анапияева Салтанат Сүлейменқызы бас жүлдені, Қамзаева Мөлдір Садуахасқызы 3-орынды иемденді.





Кері оралу