қазақша · русский · english
 
 
 
06.05.2016

28 сәуір күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің спорттық залында волейболдан студенттік оқу топтары арасында волейболдан жарыс өтті. Аталмыш жарыс еліміздің тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған-ды. Оқу сессиясы қарсаңындағы аралық бақылау қарбаласына қарамастан, жарысқа Алғашқы әскери дайындық; Дене шынықтыру және спорт; Физика, математика, информатика; Педагогика және психология және Филология институттарының студенттер спорттық құрама командалары қатысты. Тартысты өткен жарыстарда ӨМСИ Алғашқы әскери дайындық мамандығының спорттық командасы құрметті І-орын; ӨМСИ Дене шынықтыру және спорт мамандығының спорттық командасы ІІ-орын; Филология институтының спорттық командасы ІІІ-орын алды.
Айта кетерлігі, барлық спорттық құрама командалар 4 ұл, 2 қыздан жасақталса, Филология институтының құрамасы 3 ұл, 3 қыздан жасақталып, спорттың майын тамызып, мамандықтары арнайы спорттық болса да, командалармен бірдей өнер көрсетіп, елеулі табысқа жетті. Филология институтының намысын қорғап, дене шынықтыру мұғалімдері арасында құрметке бөленген студенттерді институт директораты ескеріп, өз тарапынан марапаттайды, деген сенімдеміз.
Реті келгенде атап көрсетуіміз керек: жарысты өткізуге мұрындық болған және сауатты төрешілік еткен Сауықтыру дене мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы Ерубаев Нұрақын мен п.ғ. магистрі Тугелбаев Ерікке жарысқа қатысушылардың алғысы шексіз. Әртүрлі жағдайлармен біраз уақыт бойы өтпей жүрген волейбол жарысы спортсүйер студенттер қауымын дүр сілкінтіп тастады. Аталмыш оқытушылар да өз пәрмендерімен волейболдан жарыстарды одан әрмен университет, қала және одан да жоғары деңгейлерде ұйымдастырады, деп ойлаймыз




Кері оралу