қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2016

2016 жылдың 21-22 сәуірінде Республикалық орыс тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасы аясында филология институтында «Линвистика мен әдебиеттанудағы Қазақстан әдебиетінің көркем әлемі» тақырыбында Республикалық университетаралық ғылыми семинар өтті. Бұл семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ (орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор С.Ж.Әбішева) мен Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті (Орыс филологиясы кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Х.Р.Нұрғали) бірігіп ұйымдастырды. Екі университеттің оқытушылары баяндамаларын Республикамыздың оннан аса университететінен келген ұстаздарға оқып, тақырыптары аясында зерттеулерін ұсынды. Сонымен қатар семинарға Үміт Тәжікенова мен Лилия Калаус сынды Қазақстандық танымал жазушылар шақырылып, шығармашылық бағытта сұхбат құрып барлық қатысушыларға өз кітаптарын сыйға берді.

                                                                                              Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы




Кері оралу