қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2016

Орыс тілі мен әдебиетінен Республикалық студенттік пән олимпиадасы өтті.

2016 жылдың 20-23 сәуірі аралығында орыс тілі мен әдебиетінен Республикалық студенттік пән олимпиадасы болып, біздің университет студенттері де осы сайыста өз білімдерін сынады. Олимпиадаға Республикамыздың 9 жоо командалар қатысты. Атап айтсақ:
К.Жұбанов атындағы аймақтық Ақтөбе мемлекеттік университеті,
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті,
Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті,
Қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты,
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.
21 сәуірде Олимпиаданың салтанатты ашылуында алғысөз университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры А.Т.Құлсариева мен филология институтының директоры Б.Әбдіғазиұлына берілді. Олимпиадының бірінші күні қатысушыларды екі түрлі сынақ күтіп тұрған болатын: біріншісі - жазбаша, екіншісі - командалардың шығармашылық сайысы. Одан кейін қонақтар Филология институтының 3 курс студенттері әзірлеген «Кенеттегі Есенин» әдеби-музыкалық композициясын тамашалады. Екінші күні студенттер әдебиеттен жазбаша айналымға қатысып, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерінің концерттінің көрермені болып, Медеуге экскурсияға аттанды.
Жеке, жазбаша, командалық айналымдарға сапалы дайындалып, жігерлене қатысқан командалар арқасында олимпиада жоғары дәрежеде өтті. 23 сәуірде Олимпиаданың қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталды. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Ж. Әбішеваның басшылығымен құрылған олимпиада комиссиясының шешімі бойынша:
ҚР ҒБМ 1 дәрежелі дипломымен Әлиева Ирина Әли-Омарқызы,
ҚР ҒБМ 2 дәрежелі дипломымен Ипатова Алина Геннадьевна ,
ҚР ҒБМ 2 дәрежелі дипломымен Назаровская Софья Владимировна,
ҚР ҒБМ 3 дережелі дипломымен Бисембаева Гаухар Танатқызы
ҚР ҒБМ 3 дережелі дипломымен Нұрмұхамбетова Гүлжан Қайдариденқызы
ҚР ҒБМ 3 дережелі дипломымен Есімбекова Аида Сайлаубекқызы марапатталса, командалық сайыста:
1 орынды Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті,
2 орынды Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті,
2 орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,
3 орынды К.Жубанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті
3 орынды Қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті,
3 орынды Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты иеленді.

 

                                                                                              Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы




Кері оралу