қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2016

ЖАМБЫЛ ЖАМБАЕВТЫҢ 170 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҰЛЫ ДАЛА ЖЫРШЫСЫ» АТТЫ I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР АЙТЫСЫ

18.02.2016 ж. күні Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаев атамыздың 170 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЖЫРШЫСЫ» атты I республикалық студенттер айтысының ақтық мәресі болып өтті.
Сөздің майын тамызатын, қыранша қанат қағар айтыскер ақындар арасында ақпан айының 16.02. 2016 күні Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде іріктеуге 32 ақын қатысып, 16 ақын сыннан өтті.
Айтысты ұйымдастыруға Жамбыл ауданының әкімдігі, Қарасай ауданының әкімдігі, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармония ұжымы, Сүйінбай бабамыздың ұрпақтары көмекші қызметтер атқарды. Айтыс шымылдығын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Пірәлиев Серік Жайлауұлы құттықтау сөзімен ашты.
Айтыстың қазылар алқасының құрамы төмендегідей болды:
1. Абдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
2. Рәтбек Терлікбаев Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің бас редакторы
3. Ермек Жұматаев айтыскер ақын, халықаралық айтыстардың жеңімпазы.
4. Манарбек Ізбасарұлы халықаралық «Жамбыл» қорының директоры.
5. Саят Қамшыгер «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторының орынбасары, республикалық «Серпер» сыйлығының лауреаты.
6. Бақыт Жағыпарұлы «Шалқар» радиосы Алматы бөлімшесінің редакторы
7. Болат Шарахымбай ақын, «Абай университеті» газетінің бас редакторы
Ақындар айтысында тақырыпқа негізгі арқау етіп Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығы алынды. Сөз сайысында екі ақынға 20-25 минут уақыт берілді. Ақтық сайыста сөз додасына түскен 16 ақын мыналар:
1) Айтбек Тұрсынбаев. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 3-курс студенті.
2) Хафиз Қайролла. Арқалық мемлекеттік педагогикалық университетінің 2-курс студенті.
3) Серік Қуанған. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің 3-курс студенті.
4) Сырым Әділбеков. Қазақ Ұлттық Өнер универсиететінің 2-курс студенті.
5) Жібек Шахмардан. Қыздар Мемлекеттік педагогикалық университетінің 1-курс студенті.
6) Ермек Рахымбай. Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының 2-курс студенті.
7) Серікхан Жүзеев. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1-курс магистранты.
8) Айдана Қайсарбек. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2-курс студенті.
9) Мұзан Ұлықпан. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1-курс студенті..
10) Ақниет Жұбанышов. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 4-курс студенті.
11) Рай Дөнбаев. Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының 1 -курс студенті.
12) Серік Жұмәділ. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 3-курс студенті.
13) Ақбабақызы Нәрия. Қостанай мемлекеттік педагогикалық инстутының 3-курс студенті.
14) Аят Жәнібекұлы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс магистранты.
15) Нұрқанат Қайрат. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 3-курс студенті.
16) Қанат Мырзахан. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2-курс магистранты.
«ҰЛЫ ДАЛА ЖЫРШЫСЫ» атты I республикалық студенттер айтысының қорытындысы бойынша бас жүлдені Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2-курс магистранты Қанат Мырзахан, жүлделі 1-орынды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 3-курс студенті Нұрқанат Қайрат, 2-орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2-курс студенті Айдана Қайсарбек, 3-орынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1-курс магистранты Серікхан Жүзеев иеленді. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3-курс студенті Айтбек Тұрсынбаев «Қабан жырау» жүлдесімен, Қостанай мемлекеттік педагогикалық инстутының 3-курс студенті Ақбабақызы Нәрия «Құлмамбет» жүлдесімен, Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының 1 -курс студенті Рай Дөнбаев «Сүйінбай» жүлдесімен марапатталды. Жеңімпаз студент айтыскерлерге қаржылай сыйақы үлестірілді.
I республикалық студенттер айтысын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс (3 жылдық) студенті Анапияева Салтанат пен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенті Дүйсекеев Жасұлан жүргізді.
Айтыстың жүргізілу барысында филармония әншілері залды әсем әнмен көмкерсе, термеші, жыршы, дәстүрлі әнші Сүгірәлі Салтанаттың «Жігіттерге өсиет» толғауы және «Достар» әні іс-шараның сәнін келтірді.
Айтысты өткізуге филология институты, С. Сейфуллин атындағы әдеби шығармашылық оқу-әдістемелік бірлестігі (жетекшісі ф.ғ.к.,аға оқытушы А.И. Шамахова) зор үлестерін қосты.
Сонымен қатар, Жамбыл ақынның 170 жылдық мерейтойына арналып «Жамбыл әлемі» атты Республикалық әдеби-мәдени, ғылыми-танымдық басылым жарыққа шықты. Газеттің жарыққа шығуына көп еңбек еткен осы басылымның редакторы - қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Тебегенов Темірхан Сақаұлы. «Жамбыл әлемі» газеті айтыс барысында зал көрермендеріне, қонақтарға тегіс үлестіріліп, оқырмандардың ыстық ықыласына ие болды. Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымы ақын Жамбыл атамыздың 170 жылдық мерейтойына осындай тартулар жасады.


Ақманат Ыбырайқызы Шамахова

 




Кері оралу