қазақша · русский · english
 
 
 
26.05.2020

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы магистранттарының алдын ала қорғауы

 

2020 жылдың 25 мамырында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында онлайн режимде магистрлік диссертацияларды алдын ала қорғау басталды. Мәжілісті Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі профессор Людмила Сафронова жүргізді.

 

Магистратура түлектері жүргізілген зерттеу нәтижелері туралы баяндамаларын жасады. Осы кездесу кезінде айтылған сұрақтар мен ескертулер магистранттарға өздерінің диссертацияларын қорғауға жақсы дайындалуға көмектеседі.

 

Кафедра меңгерушісі профессор Сауле Абишева қорғау қорытындысын шығарып, мемлекеттік емтиханға дайындық бойынша түлектердің алдағы міндеттерін еске салды.

 

   

 

   




Кері оралу