қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2020

«Рамазан айы - тәрбиенің негізі» халықаралық тәрбиелік іс-шарасы


2020 жылдың 4 мамырында Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары профессор Кулсун Абдрахманова, аға оқытушы Элеонора Қансейтова және «Дінтану» мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен «Рамазан айы - тәрбиенің негізі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.

 

​Бұл іс-шараны өткізу мақсаты - студенттерге Рамазан айының құдіреті, қасиеті, маңыздылығы, ерекшелігі, тәрбиелік мәні, ораза ұстау арқылы барлық ішкі және сыртқы жан - дүниеміздің жаңаратындығын, денсаулыққа өте пайдалы екендігін түсіндіріп, адамдардың бір - біріне мейірімді, бауырмал,қамқор болуға, қайырымды игі істер жасауға,үлкенді сыйлау арқылы болашақ жастарымызды тәрбиеге шақыру болды.

 

Іс-шараға Мысыр мемлекеті әл-Азһар университетінің профессоры әли Шаағбан, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Ерғали Есбосынов, профессорлары Князь Мирзоев, Айгул Жұмабекова, Фарида Султанова, Гулия Алиханқызы, араб тілі пәнінің аға оқытушысы Рая Оразова қатысты.

 

Атап айтсақ, әл-Азһар университетің профессоры студенттердің 3-4 ай көлемінде араб тіліне деген қызуғышылықтарын жоғары деңгейде меңгеріп, белсенді қатысып отырғандарын ерекше атап өтіп, араб тілі пәнінің ұстаздары Кулсун Абдрахманова мен Элеонора Қансейтоваға алғысын білдірді. Кафедрамыздың негізін қалаушы профессорымыз Князь Мирзоев Рамазан айымен барша халқымызды құттықтап, өз ойын ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Айгул Жұмабекова араб тілі пәнінің ұстазы Кулсун Абдрахманова сихрондық аударманы жоғарғы деңгейде меңгергендігін ерекше атап өтті. Іс-шара соңында студенттер өз білімдерін көрсете білу мақсатында араб тілінде сұрақтар қойып,әндер айтып, өлең оқып, қонағымыз әли Шаағбанның ризашылығына бөленді. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   




Кері оралу