қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2020

Орыс тілі мен әдебиетінен республикалық пәндік олимпиаданың ашылуы

 

2020 жылы 28 сәуірде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұйымдастырған орыс тілі мен әдебиетінен республикалық пәндік олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті.

 

Қазақстанның жоғары оқу орындары командаларының жетекшілері мен мүшелері қатысқан онлайн-конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институтының командасы да қатысты.

 

Олимпиаданың ұйымдастырушылары қатысушыларды қарсы алып, олимпиаданың қашықтық тәртіптегі өту ережелері туралы айтып өтті.

 

Республикалық олимпиаданың барлық қатысушылары студент- филологтарға өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетуге ерекше формат кедергі келтірмейді деп сенеді.

 

   




Кері оралу