Филология факультеті |
16.04.2020
Педагогикалық практика бойынша онлайн режиміндегі қорытынды конференция
2020 жылдың 16 сәуірінде Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы ZOOM платформасында педагогикалық тәжірибе бойынша қорытынды есеп беру конференциясын өткізді. Оған кафедра меңгерушісі Сауле Абишева, кафедраның педагогикалық практикасына жауапты профессор Гулмира Кажыгалиева, әдіскерлер доцент Елена Ломова мен доцент Мадина Абаева және «5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-ші курс студенттері қатысты: 1. Жұматай Анар - Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей (мұғалім-тәлімгер: Диканбаева Сауле) 2. Ордабаева Аружан - №169 мектеп-лицей (мұғалім-тәлімгер: Ерекенова Гульжан Несипбаевна) 3. Бателхан Балжан - №198 жалпы білім беретін мектеп (мұғалім-тәлімгер: Ахатова Гульмира) 4. Нұрдаулет Бекзада - №17 мектеп-интернат (мұғалім-тәлімгер: Хусаинова Кымбат Какмановна) 5. Налибаева Жадыра - ОРФО «БЭСТ» (мұғалім-тәлімгер: Сывороткина Елена Юрьевна) 6. Паукова Мария - им. М.Маметова атындағы №28 лицей (мұғалім-тәлімгер: Попова Элла Алексеевна) 7. Нусипжанова Ажар - ОРФО «БЭСТ» (мұғалім-тәлімгер: Страхова Инна Александровна).
Конференция барысында практиканттар педагогикалық практикадан алған әсерлерімен бөлісті.
Әдіскерлер М. Абаева мен Е. Ломова мұғалім-тәлімгерлерді мақтау қағаздарымен марапаттауды, сонымен қатар болашақ студент-практиканттармен тәжірибе алмасуға мұғалімдерді тарту бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды.
Конференцияны қорытындылай келе, кафедра меңгерушісі С. Абишева дуальды білім берудің оң нәтижесін және оған байланысты педагогикалық тәжірибені өткізудің жаңа түрін атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|